Есептегі тұлғамен профилактикалық іс-шара өткізілді

 

Бүгін Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психолог маманы Айжан Шалабай және Жамбыл аудандық полиция бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Гүлзат Ерішбай профилактикалық кабинетте есепте тұрған тұлғамен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматқа психологиялық қолдау көрсетіліп, құқықтық кеңестер берілді. Кездесу соңында алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және отбасы құндылықтарын нығайту жөнінде тиісті ұсынымдар айтылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.