Психологиялық қолдау көрсетілді

Жуырла Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не жүгінген азаматшаға орталықтың психолог маманы Динара Калиева психологиялық кеңес берді.

Кездесу барысында маман азаматшаның жеке жағдайын тыңдап, эмоционалдық күйін тұрақтандыруға бағытталған психологиялық қолдау көрсетті. Сондай-ақ, күйзелісті жеңу жолдары түсіндіріліп, туындаған мәселелерді тиімді шешуге қатысты ұсыныстар берілді.

Орталық мамандары өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыруда. Психологиялық көмекке мұқтаж азаматтар Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не жүгініп, білікті мамандардан тегін кеңес ала алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.