Таяуда Халыққа қызмет көрсету орталығында Жамбыл ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өз құқығыңды біл» атты ақпараттық-құқықтық акция өтті.
Аталған акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Іс-шараға Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығының» директоры Эльвира Көшкінбаева, аудандық прокурор, сот орындаушы, аудандық білім бөлімінің, аудандық ветеринария бөлімінің және өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар келушілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан құқықтық көмек алды.