Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жайылымдық жерді кеңейту үшін пайдаланылмай жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керектігін, үкіметке тапсырған болатын. Бүгінде елімізде жерлерге зерделеу жүргізіліп, пайдаланылмай жатқан алқам мемлекет меншігіне өткізілуде. Бұл жұмыстардың аяқ алысын білу үшін аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасыновпен жолығып, ауданымыздағы жерлерге қатысты өзекті мәселелер бойынша аз-кем сұхбаттасқан едік. Бөлім басшысы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына бақылауды күшейту, елді мекендерді қажетті жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету, жерлерді шаруашылық айналымға тарту бағыттарында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын әңгімеледі. Сол сұхбатымызды оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.– Бауыржан Тоқтасынұлы аудан аумағындағы жерлер туралы не айтасыз?
– Бүгінде Жамбыл ауданының аумағы 430954 гектар жерді құрайды. Ауыл шаруашылығына тиесілі жер көлемі – 241742 гектар. Оның 56510 гектары егістік болса, оның ішінде 28619 гектары суармалы егістік, 1268 гектары көп жылдық екпелер, 7778 гектары шабындық, 174889 гектары жайылымдық, 1297 гектары бөгде жерлер. 28182 гектар елді мекендерге, 9965 гектар өндірістік мақсаттағы жерлерге, 125787 гектар орман қорына, 1220 гектар су қорына тиесілі. Ал жер қорының көлемі – 24578 гектар.
– Қазіргі таңда жайылым жер мәселесі аудан көлемінде өте өзекті болып тұр десек, артық айтқанымыз емес. Бұл жайында не дейсіз?
– Расында да, жайылым тапшылығы – күн тәртібіндегі күрделі әрі жүйелі түрде шешуді қажет ететін мәселелердің бірі. Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Жамбыл облысының аудандары мен ауылдық округтері бөлінісінде жайылымдық жерлердің тапшылығына және «Жайылымдар туралы» Заңға сәйкес, «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларға» талдау жүргізілді. Нәтижесінде ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан жайылымдардың ауыл тұрғындарының мал бастарына шаққанда 78,9 мың гектар жер тапшы екендігі анықталды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында тіркелген малдар бойынша жайылымдарға деген қажеттілік жоқ. Керісінше 28,2 мың гектар артық жайылым бар. Осыған байланысты ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылалуда. Нәтижелері де жаман емес. Халықтың төрт-түлігіне кеңістік пайда болды.
субъектілері өздерінің жеке шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуі тиіс.