Қазіргі кезде ақылы қызмет көрсететін қай саланы алсақта әсіресе азық түлік тауарларының бағасы тұрақты түрде өсуде. Бұл үрдістің басталғаны соңғы бір-екі айдың айналасы емес, жылдап жалғасуда. Бұрын көбіне маусымдық кезеңдерде белең алып, кейін қалпына келіп жататын, қазір өскеннің үстіне өсіп жатыр.
Цифрлар тілімен айтатын болсақ 2022 жылы азық түлік тауарларының бағасы 24,1%, азық түлік емес тауарлары 18,6%, ал ақылы қызметтер 14,1% өскен. Ішін ара талдасақ: қант бағасы 70%, макарон өнімдері 42,2%, жармалар 44,5%, оның ішінде қарақұмық 38,2%, ұн 43,7% қымбаттаған.
Негізгі себептеріне тоқталсақ:
— бірінші кезекте әлемдік нарықтардағы бағаның көтерілуі, гео саяси тұрақсыздық, ұлттық валютаның долларға шақанда әлсіреуі импорттық жеткізулерге тәуелді тауарларға әсер етіп отыр.
— екінші себебі тарифтердің және жанар-жағармай бағасының артуы. Оған қоса маусымдық ауытқудың да әсері бар.
— Сонымен қатар негізгі себептердің бірі тауар өндіруші мен бөлшек сауда жасаушының ортасындағы көтерме саудамен айналысатын делдалдардың көбеюі.
Жалпы алғанда бағаның көтерілуіне біріне бірі ықпал ететін ететін бірнеше факторлар әсер етуде.
Әлеуметтік азық-түлік бағасы Республикалық деңгейде, облыстық деңгейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны баршаға белгілі. Қазіргі таңда, ауданда негізгі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Жамбыл ауданы әкімдігінде тұрақты жұмыс жасайтын штаб құрылған.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында барлық ауылдық округтерде мониторингтік топтар құрылып жұмыс атқаруда.
Аудан аумағындағы сауда орындарымен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 2023 жылдың басында 164 меморандумға қол қойылды. Делдалдық буынды жою бойынша сауда орны мен тауар өндіруші арасында жыл басынан 3 тауар бойынша 18 сауда орнымен келісімге қол қойылып сауда орындарында сатылуда. /жұмыртқа, пияз, картоп/.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі жанынан Call орталық құрылып әлеуметтік желілермен аудандық газетке хабарландыру берілген. Алгоритмге сәйкес ауыл шаруашылығы бөлімі аудан аумағында өнімі жиналып жатқан қожалықтар туралы ақпаратты орталыққа жолдайды, орталық ақпаратпен ауылдық округтерді хабарландырады. Ауылдық округ әкімдері өзкезегінде сауда орындарынан өтінімдерін жинап шаруа қожалықтан өнімнің жеткізілуін әр округ өз күшімен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бүгінгі күнге ауылдық округте 78 дүкенге 10,5 тонна (пияз,кортоп,сәбіз,қырыққабат) және 16740 дана жұмыртқа жеткізіліп аудан халқын арзандатылған бағамен ұсынылып сатылды.
ҚР МТИ Сауда комитеті әлеуметтік маңызы азық түлік тауарларының тізіміне 19 азық-түлік өнімдерін енгізген. Олар: бірінші сұрыпты ұн, бірінші сұрыпты ұннан жасалған қалыпты нан, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш,картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, түйіршіктелген қант, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар иық-кеуде бөлігі), тауық еті (сан және жіліншік), сүт жұмсақ қаптамада 2,5% май, айран 2 , жұмсақта 5% май орау, сары май (тұзсыз, майы 72,5% кем емес), тауық жұмыртқасы (I санат), ас тұзы («Экстрадан» басқа), сүзбе 5 — 9% май).
Бұл ретте осы тауарларға шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-нан аспайтынын ескертеміз. 15 пайыздық үстеме төлемнен асып кету Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 204-4-бабының негізінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймыз.
2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына үстеме ақысы 15% асырып сатылғаны үшін 4 дүкен иесіне ресми түрде ескерту беріліп ЕРАП жүйесіне тіркелді.
Аудан аумағында жалпы 4 әлеуметтік дүкен жұмыс жасайды. Оның ішінде Аса ауылында 2 әлеуметтік дүкен, Айша биби және Гродекова ауылдық округтерінде 1 әлеуметтік дүкеннен орналасқан.
Аудан бойынша сыйымдылығы 37829 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын 112 қойма бар.
Қазіргі таңда Жамбыл ауданы әкімдігі тарапынан азық-түлік бағасын тұрақтандыру бақылауға алынған.
Нұржігіт Архабеков, Жамбыл ауданы әкімді кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы.