Мемлекет басшысы халықтың денсаулығын бірінші орынға қойып отыр. Пандемия кезіндегі өмірге бейімделу, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарға сену керектігін алға тартты.
Денсаулық сақтаудың барлық секторын тұрақты вакцинация жүйесіне дайындау маңыздылығына тоқталды.
Бүгінде әлемді дүрліктірген індеттің беті сәл де болса бері қарады. Күнделікті көрсеткіш осыдан бір-екі айға қарағанда біршама азайған. Соған қарамастан халықты жаппай вакцинациялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Бүгінде ауданда екпе салдыру керек 37759 адамның 35383-і, яғни 97.7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған. Ал 32483 адам, яғни, 86 пайызы вакцинаның екінші компонентін салдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз деңгейінде жүргізіле береді. Қазіргі таңда халықтың сұранысына ие болған отандық өнім QazVac вакцинасы жеткілікті.
Жалпы, әрбір адам өз денсаулығына жауапты. Сондықтан осындай жауапты кезеңге немқұрайлы қарамай, екпе ектіргеніміз жөн.
Жадраш Тотаева,
аудандық орталық аурухананың иммунолог дәрігері.