Ақыл мен нақыл бірлігі

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Алаш жұрты ұрпағын «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деп тәрбиелеген.

Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз. Халқымыз салт-дәстүрге кенде емес. Ертеде салтдәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған, сондықтан оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Халықтың салтдәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне қазір де үлкен мән берілуде. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Дін дәстүрдің таразысы әрі негізі саналады. Тілдің, дәстүр мен мәдениеттің дамуында да оның тигізер әсері мол. Дін – мәңгілік әрі хақ. Дін ісі – тәрбие жолы, адамның рухани азығы. Қазақ халқы Алла тағаланы ертеден-ақ тани білген. Халық жадында сақталған жырлар мен нақыл сөздер, «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», «Құдайсыз қурай сынбас» дегендей, мақал-мәтелдер халықтың тілекқажетін бір Тәңірден сұрағандығын әрі қазақтың құдайшыл ел болғандығын аңғартады. Өмір – өте күрделі құбылыс. Ол – Алла тағаланың адамға берген сыйы. Сондықтан оны қадірлеп, бақытты өмір сүру үшін өмірді таныпбілу осы жарық дүниеге келген әрбір адамның адамгершілік парызы болса керек.

Зарина АБЗЕЛОВА,

Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.