Адалдық пен ашықтық – жемқорлыққа қарсы басты қағидат

Жамбыл облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған семинар өтті

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс: адалдық пен ашықтық кепілі» тақырыбындағы іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Әбубекұлы Оршубеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исаханұлы Көпдікбаев, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айбек Жаханбайұлы Тасеменов, сондай-ақ білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары және комплаенс қызметіне жауапты мамандар қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтау және олардың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ білім беру саласында адалдық пен ашықтық қағидаттарын одан әрі нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі міндеттері мен оның ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудегі маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттырудың жолдары қарастырылды.

Жиында қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы да атап өтілді. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін әдеп талаптарын сақтау, шешім қабылдау барысында бейтараптық таныту және жеке мүдденің қызметтік шешімдерге ықпал етуіне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Іс-шара қорытындысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру, комплаенс қызметінің рөлін күшейту және ұйымдардағы ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігін арттыру қажеттігі айтылды.

Адалдық пен ашықтық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды негізі. Бұл бағыттағы жүйелі әрі кешенді жұмыстар білім беру саласында әділдікке, жауапкершілікке және заңдылыққа негізделген ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.