Мен, Әліқұлов Нұрбақыт Мейрамбайұлы, 1981 жылы 7 наурызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниегекелдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.
2003 жылы Әулие-ата атындағы Тараз мемлекеттікуниверситетін «Заңгер» мамандығы бойыншатәмамдадым.
Еңбек жолымды 2002 жылы Тараз қалалық білімбөлімінің №9 орта мектебінде күзетші болып бастадым. 2006-2026 жылдары «Бент-2030» ЖШС супервайзері, «Озықбаева Г» ЖК супервайзері, «АзияТаразФуд» ЖШС супервайзері, «Дилан-Фуд» ЖШС супервайзері, «Лесбекова Р» ЖК супервайзері, «Талипов П» ЖК супервайзері, «Империя» ЖК директоры, «Холод-08» ЖШС директоры, «Prestige-Мороз» ЖШС директоры, «Куликов и К» ЖШС директоры, «Nurba—Taraz» ЖК директоры, Айшабибі ауылдық округі әкімі аппаратыныңбас маманы қызметтерін абыроймен атқардым. 2026 жылғы 20 наурыздан бүгінгі күнге дейін Айшабибіауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарыпкелемін.
Отбасында 3 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.
АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІ БІРГЕ ӨРКЕНДЕТЕЙІК!
Құрметті Бесағаш ауылдық округінің тұрғындары!
Округтің экономикалық, әлеуметтік аспектілерін жан-жақты зерделей келе, сайлауалды бағдарламамды ұсынып, келесі бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізетін боламын:
– жауапты билік пен тиімді басқару жүйесін құру;
– әкімдік пен тұрғындар арасындағы байланысты дамыту;
– экономикалық даму мен өсім;
– инфрақұрылымды дамыту;
– ауыл шаруашылығы саласын дамыту;
– жұмыспен қамту;
– әлеуметтік саланы дамыту;
– тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, округке қарасты елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын сапалы жүргізу;
– интернетті қолжетімді ету, байланыс желісін жақсартуға күш саламын.
Құрметті округ тұрғындары!
Алдағы сайлауға қатысу мен үшін үлкен жауапкершілік дептүсінемін. Сайлауда сіздердің қолдауларыңызбен жеңіскежетсем, ауылдық округті дамытуға бар күш-жігерімдіжұмсаймын. Өзіме сенім білдірген сайлаушылардың, жалпы, жергілікті халықтың үмітін ақтаймын. Округті біргеөркендетейік!
Тапсырыс беруші: Бесағаш ауылдық округі әкіміне кандидатӘліқұлов Н.М.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.