Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы керек

Ағымдағы жылы қызмет алушылардан 45 мемлекеттік қызмет түрі бойынша өтінім түскен. Оның ішінде аудан әкімінің аппаратымен 1 қызмет, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 17 қызмет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен 3 қызмет, ауыл шаруашылығы бөлімімен 3 қызмет, жер қатынастары бөлімімен 6 қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 1 қызмет, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен 1 қызмет, спорт бөлімімен 1 қызмет, ауылдық округтер арқылы 5 қызмет, АХАЖ бөлімімен 7 қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген.

Үстіміздегі жылдың 9 айында мемлекеттік тізілімге сәйкес 45 мемлекеттік қызмет түрі бойынша жалпы саны 21980 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 6774-і қағаз түрінде, 15206-сы электронды түрде көрсетілді.
Сәрсенбі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Лесбек Илебаев мемлекеттік қызметшілермен өткізген кездесуінде ауданда көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапалы ұсынылуын, сонымен қатар қызмет мерзімдерін бұзушылықтың алдын алу жайын түсіндірді.
Жиынды ашып, жүргізген аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді тілге тиек етті. Сонымен қатар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2021 жылға арналған жоспарына» сәйкес есепті мерзімде аудан әкімдігінің 6 бөлімінде бақылау іс-шаралары жүргізілгенін, ішкі бақылау нәтижесі бойынша 9 ұсыным берілгенін, оның 5-еуі орындалғанын айтты. Сондай-ақ, «Жамбыл ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес әкімдіктегі бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланғанын, аудан әкімінің ресми сайтына, Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне бейнероликтер мен ақпараттар орналастырылғанын, семинар-кеңестер ұйымдастырылып тұратынын жеткізді.
Өз кезегінде Лесбек Құралбайұлы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін арнайы оқу курстарына жіберу, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мәселесіне баса назар аударды. Жергілікті тұрғындарға арналған барлық мемлекеттік қызмет түрі тиісті деңгейде орындалуы керектігін, бұл бойынша облыс тарапынан мониторинг жүргізілетінін жеткізді. Мемлекеттік қызметкерлерді ел игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға үндеді.

Ильяс Қалыбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.