Жамбыл облысының Меркі ауданында балық шаруашылығы табысты дамып келеді. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында бұл салаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің қатары артып, өңірде балық өндірісінің көлемі ұлғаюда.
Андас батыр ауылдық округінде ауыл шаруашылығымен айналысатын 130-дан астам шаруа қожалығы мен 60-қа жуық жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Олардың қатарында балық өсіруді кәсіп еткен шаруашылықтар да бар.
Солардың бірі үш түрлі балық түрін өсіріп, өндірісті заманауи талаптарға сай ұйымдастырып отыр. Кәсіпорын жылына шамамен 80 тоннаға дейін өнім өндіріп, оны Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтуде.
Жергілікті шаруалардың еңбегі мен мемлекеттік қолдау нәтижесінде өңірде балық шаруашылығының әлеуеті артып келеді. Мамандар алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтіп, отандық нарықты сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.