Таразда халықаралық бокс турнирінің жеңімпаздары анықталды

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Әбдірахмановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық бокс турнирі өз мәресіне жетті.

«Қазфосфат» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде жас былғары қолғап шеберлері жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, көрермендерге әсерлі жекпе-жектер сыйлады.

Турнир жас спортшылар үшін тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді. Әр кездесу олардың тактикалық дайындығы мен төзімділігін сынап, болашақтағы ірі жарыстарға тың серпін сыйлады.

Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл дода жас боксшыларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындауда маңызды кезең саналады. Сонымен қатар турнир талантты спортшыларды анықтап, олардың кәсіби деңгейін арттыруға өз үлесін қосып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.