Облыс әкімінің Алғыс хаты жас мемлекетшінің анасына табыс етілді

 

23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күні аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly жұмыс бөлмесінде әкімдіктегі жас мемлекеттік қызметші — Қуат Ошақбайды және анасы Эльмира

Қарнақбаеваны қабылдап, құрмет көрсетті.

Бүгінде аудан әкімінің бас инспекторы қызметін абыройымен атқарып жүрген Қуат Қанатұлының еңбек жолын атап өткен аудан басшысы анасының мерейін өсіріп, облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтың Алғыс хатын табыс етті.

Өз кезегінде сөз алған Эльмира Әскербекқызы елеп-ескерген облыс басшысына аналық алғысын білдірді.

 

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.