Жамбыл ауданында ел балуандары жиналды

БЕСАҒАШТА ЕЛ БАЛУАНДАРЫ БАСҚОСТЫ

 

 

Бүгін Бесағаш ауылында балуандардың басы қосылып, Мұхамедгалиев Руслан Махмұтұлының 50 жас мерейтойына арналған қазақ күресінен Республикалық турнирде кім мықтыны анықтауда.

 

Шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұрбол Жүнісбеков, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының Құрметті азаматы, КСРО, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жахыт Марат, қазақ, еркін күрестерінен спорт шебері, спорт мектебінің директоры Дүйсембаев Махамбет, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қарауылов Тәуірбек, Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирінің 3 дүркін жеңімпазы, Жамбыл облысының маслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев Абдрахманұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Дәурен Ахметжаев арнайы келіп, балуандар бәсекесін тамашалауда.

 

Шарада сөз алған аудан басшысы спортшыларға сәттілік тіледі

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.