Жамбыл ауданында астық жиналуда

Қызылқайнардағы 900 гектарға 11 комбайн жұмылдырылды

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Қызылқайнар ауылдық округіндегі 900 гектар жаздық арпаны ору жұмыстарының барысын көрді.
Бүгінде егістікке 11 дала кемелері жұмылдырылған.
«Ереке» шаруа қожалығының иелігіндегі алқаптың әр гектарынан 10-11 центннер өнім жиналып, қамбаға жөнелтілуде.
Егістік алқабын аралаған өңір басшысы:
— Көктемде жауған жауынның әсері байқалады. Жаздық арпаның өнімі көңіл көншітеді. Суармалы алқаппен ешқандай айырмашылығы жоқ. Арпа бітік өскен.  Ендігі кезекте өнімді ысырапсыз жинап алуымыз керек, — деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Егістік алқабындағы қызу тірлікке аудан әкімінің орынбасары Жомарт Телеуов пен ауылшаруашылығы саласының ардагері Аманалы Құрбанов та көз жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.