ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА «ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КАБИНЕТ» АШЫЛДЫ

Жамбыл аудандық полиция бөлімінде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Профилактикалық кабинет» өз жұмысын бастады. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» Заң және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Жаңа кабинеттің басты мақсаты – қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, есепте тұрған тұлғалармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Кабинет жұмысының ерекшелігі – салааралық өзара іс-қимылдың жолға қойылуында. Мұнда полиция қызметкерлерімен қатар медицина мамандары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және білім беру саласының өкілдері бірлесіп қызмет атқарады. Бұл өз кезегінде әрбір жағдайды кешенді түрде қарастырып, тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.