Тараздық оқушы АҚШ-та өтетін әлемдік ғылыми додада Қазақстан намысын қорғайды

Дүниежүзілік додаға 60-тан астам елден ұлттық іріктеу нәтижелері бойынша таңдалған 1700-ге жуық жас ғалым өздерінің үздік ғылыми жобаларын ұсынады. Жүлде қоры 7 млн АҚШ долларын құрайды. Жарыс 2026 жылғы 9-15 мамыр аралығында өтеді.

Қазақстан атынан келесі оқушылар қатысады:

Керімбай Саян — Шымкент қаласындағы №8 мамандандырылған гимназияның 9-сынып оқушысы. Жобасы: «Жасанды интеллект арқылы энергия өндіру тиімділігін арттыру үшін микробтық отын элементтерін модельдеу және оңтайландыру» (Биология);

Болысбай Нұркелді, Башаров Аслан — Талдықорған қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушылары. Жобасы: «KazLib білім беру платформасы» (Информатика);

Артықбай Арнұр — Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы. Жобасы: «Система автоматизированного обнаружения злокачественных новообразований на основе машинного обучения» (Информатика);

Исаков Михаил, Нұрмұханбетов Рахим — Алматы қаласындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары. Жобасы: «Neuralese» балаларға арналған нейрожүйе конструкторы (Информатика);

Өтетілеу Алтынай — Түркістан қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы. Жобасы: «AtmosNano — наноспутник атмосферных данных» (Жер және ғарыш туралы ғылым).

Маңызды жаңалықтардың бірі — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл алғаш рет Regeneron ISEF жеңімпаздарына «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының «Бакалавриат» бағыты аясында шетелде білім алу мүмкіндігі беріледі. Бұл заңның қабылдануы Мемлекет басшысының дарынды жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған реформаларының жүйелі жалғасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.