Көмек сұраған әр азамат назардан тыс қалмайды

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Қоғамның әл-ауқаты мен тұрақтылығы ең алдымен отбасы институтының беріктігіне байланысты. Дегенмен түрлі әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық себептерге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болатын азаматтар да кездеседі. Осындай жағдайда азаматтарға уақтылы әрі кешенді қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету – Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №256-НҚ бұйрығына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде Отбасын қолдау орталықтары құрылды. Осыған орай, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 3 маусымдағы №390 қаулысымен құрылып, 2024 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысы Әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. Орталық 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап өз қызметін жүзеге асырып келеді. Орталық қызметінің тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Жамбыл ауданы әкімінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №81 өкімімен мобильдік топ құрылды. Құрамында 231 мүшесі бар мобильдік топқа жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау, пробация қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері енгізілген. Қазіргі таңда Орталықтың штаттық құрылымында директор, екі кейс-менеджер, екі психолог, заңгер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман қызмет атқарады. Мамандардың үйлесімді жұмысы азаматтарға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетуді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтармен жұмысты үйлестіруде кейс-менеджердің рөлі ерекше. Ол азаматтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына кешенді бағалау жүргізіп, мәселенің туындау себептерін анықтайды, қажетті психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдауды ұйымдастырады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің орындалуын бақылап, азаматтың өмірлік жағдайы тұрақталғанға дейін әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Жұмыс FSM Social платформасы арқылы келіп түскен сигналдар мен азаматтардың тікелей өтініштері негізінде ұйымдастырылады. Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралып, кейс-менеджердің үйлестіруімен Орталық мамандары азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына кешенді зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Зерделеу барысында отбасының материалдық және әлеуметтік жағдайы, денсаулық көрсеткіштері, психологиялық ахуалы, құқықтық мәселелері және мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігі бағаланады. Соның негізінде жеке әлеуметтік сүйемелдеу жоспары әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелердің қатысуымен кешенді жұмыстар ұйымдастырылады.
2026 жылдың алғашқы алты айында Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығына» өмірлік қиын жағдайға тап болған 245 отбасы жүгініп, олардың барлығы әлеуметтік сүйемелдеуге алынды. Есепті кезеңде 206 әлеуметтік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 100 отбасыға психологиялық қолдау, 79 азаматқа құқықтық кеңес берілді. Сонымен қатар, 85 отбасының тұрғылықты мекенжайына барып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына зерделеу және мониторинг жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік сүйемелдеу барысында азаматтарға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау кешенді түрде көрсетілді. Психологиялық бағытта эмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға, күйзелістің алдын алуға және отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кеңестер ұйымдастырылды. Құқықтық бағытта алимент өндіру, қорғау нұсқамасын алу, тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, құжаттарды қалпына келтіру және балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңгерлік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, әлеуметтік сүйемелдеу аясында азаматтарды жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегіне қою, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу, медициналық қызметтерге және мемлекеттік қолдау шараларына бағыттау жұмыстары жүзеге асырылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу Орталық қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Есепті кезеңде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 85 отбасы әлеуметтік сүйемелдеуге алынып, аталған отбасылардағы 126 кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше назар аударылды. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болған 4 әйел мен 12 бала Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылып, оларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қолдау толық көлемде көрсетілді.
Сонымен қатар, отбасы институтын нығайту және некені сақтап қалу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл аудандық сотынан келіп түскен 11 неке бұзу ісі бойынша медиациялық жұмыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде бір отбасы татуласып, некесін сақтап қалды. Бұдан бөлек, кешенді әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеудің нәтижесінде 7 отбасының отбасылық тұрақтылығы сақталды.
Көмек сұраған әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмайды. Уақтылы көрсетілген психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына, отбасының беріктігін сақтауға және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді. Сондықтан адамға дер кезінде қол ұшын созу – әлеуметтік жұмыстың негізгі қағидаты әрі қоғам алдындағы ортақ жауапкершілік.

Эльвира Көшкінбаева,
аудандық «Отбасын қолдау орталығының» директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.