Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Платформаға келіп түскен әрбір хабарлама жауапты мекемелердің бақылауына алынып, мобильді топ мүшелері азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде қажеттілігіне қарай психологиялық қолдау, әлеуметтік сүйемелдеу, заңгерлік кеңес және мемлекеттік қызметтердің өзге де түрлері ұсынылады.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға кешенді қолдау көрсету – жүйенің басты қағидаты. Психологтар эмоционалдық күйзелісті еңсеруге және отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған кеңестер береді. Әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажетті әлеуметтік қызметтерге бағыттайды. Заңгерлер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңес көрсетіп, заң талаптарын түсіндіреді. Бұл бағытта Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» аудандық полиция бөлімімен, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының мекемелерімен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Рейдтік іс-шаралар, түсіндіру кездесулері, құқықтық және психологиялық кеңестер ұйымдастырылып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде қолдау көрсетілуде. Есепті кезеңде орталыққа өмірлік қиын жағдайға тап болған 245 отбасы жүгініп, барлығы әлеуметтік сүйемелдеуге алынды. Әр отбасының әлеуметтік, психологиялық және құқықтық жағдайына бағалау жүргізіліп, жеке жұмыс жоспарлары әзірленді. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 85 отбасы есепке алынып, толық сүйемелденді. Бұл отбасыларда 126 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 азаматша Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды. Профилактикалық жұмыстар аясында 85 отбасының тұрғылықты мекенжайына барып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына мониторинг жүргізілді. Үй-үйді аралау барысында отбасы мүшелерімен жеке профилактикалық шаралар өткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың және әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шаралары мен әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек алу тәртібі жөнінде ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетіліп, қажеттілігі анықталған азаматтар тиісті мекемелерге жолданды.
Есепті кезеңде 100 отбасыға психологиялық көмек көрсетілді. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 85 азаматшаға эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, күйзелістен шығу және отбасылық қарым-қатынасты қалпына келтіру бағытында жеке консультациялар ұйымдастырылды. Құқықтық қолдау шеңберінде 79 азаматқа заңгерлік кеңес беріліп, оның ішінде 36 азаматшаға қорғау нұсқамасын алу, алимент өндіру, неке және отбасы қатынастары, балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік төлемдер мен өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік қолдау аясында 85 азаматшаға және 54 отбасыға қажетті әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, мемлекеттік қолдау шараларына бағыттау ұйымдастырылды. Сондай-ақ 2 азаматшаға жеке құжаттарын рәсімдеуге, 6 азаматқа тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі бойынша практикалық қолдау көрсетілді. Бұдан бөлек, 4 отбасыға қайырымдылық көмегі ұйымдастырылды.
Жалпы, Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» тарапынан жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасылардың әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға және өмірлік қиын жағдайдан шығуына нақты қолдау көрсетуге бағытталған.
Аида Рахымжан,
аудандық «Отбасын қолдау орталығының» кейс-менеджері.