Профилактикалық іс-шара өткізілді

Жуырда Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматшамен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында орталықтың психолог маманы Динара Калиева азаматшаға психологиялық қолдау көрсетіп, эмоционалдық жай-күйін тұрақтандыруға бағытталған кеңес берді. Сонымен қатар, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Гүлзат Ерішбай азаматшаға қолданыстағы заңнама аясындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен тиісті мекемелерге жүгіну тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша азаматшаға қажетті психологиялық және құқықтық сүйемелдеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны түсіндіріліп, оның мәселесі орталық мамандарының бақылауына алынды.  Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік бағыттар бойынша кешенді қолдау көрсетуді тұрақты негізде жүзеге асырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.