Таяуда Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгер маманы Мәди Тәжібаев FSM Social платформасына келіп түскен сигнал негізінде азаматты қабылдап, құқықтық кеңес көрсетті.
Қабылдау барысында азаматтың өтініші жан-жақты тыңдалып, туындаған мәселесіне құқықтық тұрғыдан талдау жүргізілді. Атап айтқанда, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, оларды ұсыну мерзімдері, заңнама талаптары және мемлекеттік органдарға жүгіну жолдары толық түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат беріліп, мәселені заң талаптарына сәйкес шешу жолдары бойынша нақты ұсынымдар ұсынылды.
Заңгер тарапынан қажетті құжаттарды жинақтау, рәсімдеу және тиісті мекемелерге жолдау тәртібі түсіндіріліп, алдағы уақытта туындауы мүмкін құқықтық мәселелер бойынша да тегін кеңес алуға болатыны айтылды. Азаматтың өтініші бақылауға алынып, оның орындалу барысы бойынша тиісті сүйемелдеу жұмыстары жалғасатын болады.
Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік бағыттар бойынша кешенді қолдау көрсетеді. Орталық мамандары әрбір азаматтың мәселесіне жеке көзқараспен қарап, қолданыстағы заңнама аясында қажетті көмек пен кеңес береді.
Егер сізге құқықтық кеңес немесе өзге де әлеуметтік қолдау қажет болса, Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не жүгініңіз. Білікті мамандар сізге тегін кеңес беріп, қажетті бағыт-бағдар көрсетуге әрдайым дайын.