Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидат­тарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғам­да ілгерілетуге бағытталған жоба. Өзара түсіністік, құрмет пен сенім – бұл жобаның негізгі үш тірегі.

Азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сол бойынша жедел өзара іс-қимыл жасау көзделген жобада нақты іс-шаралар топтастырылған. Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету сияқты адами ізгі қасиеттерді дәріптеу әрі насихаттау соның ішінде.
Таяуда Шайқорық ауылдық кітапханасында айтулы жоба аясында тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі» тақырыбында онлайн режімде кездесу-сұхбат ұйымдастырылды.
Басқосуда Жамбыл ауылдық округі әйелдері кеңесінің төрайымы, «Ақ әжелер» үйір­месінің жетекшісі Рыскүл Нұрманова, үйірме мүшесі Әсемкүл Төлегенова тақырып төңіре­­гінде ой бөлісіп, пікір біл­дірді. Адам бойындағы ізгі қасиет­тер туралы салмақты сөз сабақтап, бүгінгі қоғамда адалдық, пара­саттылық, әділет­тілік қағидат­тарын қалыптас­тыру үлкен маңызға ие екенін алға тартты. Ардақты әжелердің тәлім мен тәрбие турасында айтқан келелі әңгімесін мұқият тыңдаған оқырмандар да өз ойларын ортаға салып, үл­кен­ді сыйлау, кішіге қамқор болу әр­қашан ізгіліктің ныша­ны болып қала беретінін тілге тиек етті.

Жанат Ақшалова,
кітапхана меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.