Махметғали Сарыбеков, Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің ректоры, Тараз қаласының «Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері»:
Конституция – мемлекеттің тұрақты дамуы мен қоғамның үйлесімді ілгерілеуінің негізгі тірегі. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер елдегі заң үстемдігін күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді. Бұл реформалар білім мен ғылым саласының дамуына, жастардың әлеуетін арттыруға кең мүмкіндік ашып, әділетті әрі жауапты мемлекет қалыптастыруға жол ашады. Жаңарған Ата Заң ел болашағы үшін маңызды әрі уақтылы қабылданған шешім деп санаймын.