Асқарбек Сейілхан, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:
Конституция – елдің бірлігі мен рухани тұтастығын айқындайтын ең басты құжат. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын күшейтіп, әр азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауға бағытталған. Мәдениет пен өнер – халықтың жан дүниесінің айнасы. Сондықтан Ата Заңда ұлттық құндылықтар мен шығармашылық еркіндіктің сақталуы мемлекет дамуының маңызды көрсеткіші деп білемін. Жаңарған Конституция рухани бай, әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыруға қызмет етеді.