Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары Жамбыл облысында жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Әсіресе көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, жол сапасын арттыру, цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін берді.
Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды. 2025 жылы автожол саласында 182 жоба іске асырылып, 460,2 шақырым жол қайта жаңғыртылып және жөнделді.