Жуырда Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгері Мәди Тәжібаев FSM Social платформасына келіп түскен сигнал негізінде азаматты қабылдап, құқықтық кеңес көрсетті.
Қабылдау барысында азаматтың өтініші тыңдалып, мәселесіне заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді. Қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, мемлекеттік органдарға жүгіну жолдары және азаматтың құқықтары мен міндеттері бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, өтініштің орындалу барысы бақылауға алынып, қажетті құқықтық сүйемелдеу жұмыстары жалғасатын болады.
Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік бағыттар бойынша кешенді қолдау көрсетеді.
Құқықтық немесе әлеуметтік көмек қажет болған жағдайда, Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не жүгініңіз. Орталық мамандары сізге тегін кеңес беруге әрдайым дайын.